Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдағы сот отырысы ашық өтеді
Сурет: primeminister.kz
ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтетіні де нақтыланады.
Айта кетсек, 2024 жылы 11 наурызда бірінші сот процесі өтіп, мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаев ісі бойынша тергеу нұсқауын жариялады. Айыптау актісіне сәйкес, қылмыс болған күні (2023 жыл, 8 қараша) Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нұркенова елордада концертте бірге болған. Сол арада олардың арасында жанжал туған. Соған қарамастан, олар ары қарай мейрамханаға бірге барып, ол арада жанжал өз жалғастығын тапқан. Салдарынан Салтанат Нүкенова соққыға жығылып, мерт болды.
Бишімбаев ісі бойынша негізгі сот талқысы 27 наурызға белгіленген. Істі алқабилер соты қарайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript