БҰҰ Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қабылдауына қатысты үн қатты

БҰҰ, Қазақстан, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2024 21:41 Сурет: pexels
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 15 сәуірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын заң қабылдағаны үшін Қазақстанға өз ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жаңа заң "гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрін құрту жолындағы маңызды қадамды білдіреді. Бұл заңнамалық шешім Қазақстанның адам құқықтарын сақтауға, әсіресе әйелдерді, балаларды және халықтың осал топтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бейілділігін көрсетеді".

"Бұл - гендерлік зорлық-зомбылықты құрту жолындағы алға жасалған қадам", - деп санайды Микаэла Фриберг-Стори.

Оның пікірінше, заңның қабылдануына кең ауқымды қоғамдық науқан болды, оның ішінде бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің жұбайын өлтіру оқиғасы да әсер етті.  

БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізе отырып, Қазақстан мұндай әрекетке жол бермейтінін, ал кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылатынын меңзейді.

"Бұл маңызды қадам гендерлік теңдікке ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың қалыпты өмірге қайта оралуы үшін сот төрелігі мен қолдау қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді", - деді ол.

Сонымен қатар БҰҰ Қазақстанды тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы құлақтандыруды арттыруды, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлерін оқытуды, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшараған адамдарды қолдау тетіктерін құруды, жалпы осы заңды тиімді енгізу және қолдану бойынша жұмсалатын күш-жігерді жалғастыруға шақырды.

"Мұндай кешенді тәсіл барлық адам өз үйінде еш үрей-қорқынышсыз және зорлық-зомбылықсыз өмір сүре алатын қоғам құру үшін қажет", - деп атап өтті Фриберг-Стори.

Оның айтуынша, БҰҰ Қазақстанды гендерлік зорлық-зомбылықты жою және өзінің барлық азаматы үшін құрмет, теңдік және қадір-қасиет мәдениетін ілгерілетуге бағыттап жатқан күш-жігерін қолдауға дайын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: