Жетісу облысында жоғалып кеткен 29 жастағы жігіттің денесі судан табылды
Сурет: 24.kz
Төрт күн бұрын Көксу ауданында 29 жастағы жігіт мал жаюға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД мәліметінше, 23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған. Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бағытталды.
"Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды. 27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды", – деді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.
Өңір полициясы ауыл тұрғындарына мүмкіндігінше сақ және сергек болуды сұрайды. Су тасқыны кезеңінде су объектілеріндегі су көлемінің ұлғаюы байқалатынын және олардағы ағынның жылдамдығы қатты болуы мүмкін екенін де еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript