Алматыда ҰҚК кезекті бір есірткі зертханасының көзін жойды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы 2024 жылы 1 маусымда ҚР ҰҚК мәлімет таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсылынған мәліметке сәйкес, 16 мамырда оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды.
"Тінту барысында 7 келі "мефедрон" психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынды. Табылған есірткінің құны "қара" нарықта шамамен 140 млн теңгені құрауы мүмкін", делінген хабарламада.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін "варщиктер" деп аталатындар ретінде жұмыс істеген.
"Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript