Петропавлда есірткі зертханасын ұйымдастыру әрекетінің жолы кесілді

Есірткі, есірткі зертханасы, Петропавл, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 18:59 Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
СҚО полицейлері Петропавл қаласында есірткі зертханасын ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаменті қызметкерлерінің назарына 36 жастағы Астана қаласының тұрғыны мен 46 жастағы қарағандылық азамат ілікті. Қолда бар ақпарат бойынша олар Петропавлға синтетикалық есірткі тарату мақсатында келген.

Қызметтік іссапар барысында солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер күдіктілердің синтетикалық есірткі өндіретін есірткі зертханасын ұйымдастыруға қажетті жабдықтар мен 90 келі прекурсорлар жеткізілген Алматы облысындағы жалдамалы үйдің орналасқан жерін анықтады.


"Алдын ала мәліметтер бойынша зертхана 18 келіге жуық есірткі өнім шығармақ болған. Есірткі өндіруге жол берілмеді, күдіктілер Петропавл қаласына жеткізіліп, қамауға алынған. Қазіргі уақытта іс материалдары ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз пайдаланған деген айып бойынша сотқа берілді. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
Синтетикалық есірткі, Петропавл, есірткі зертханасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 18:59

Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: