СҚО-да гаражда босанған әйел сәбиін қорапқа салып, сол араға тастап кеткен

Сәби, СҚО, Мүсірепов ауданы, гараж, бала босану, жәшік, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2024 13:13 Сурет: pexels
Гаражда босанған Солтүстік Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны шақалақты қорапқа салып, сол араға тастап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болған.

"Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық орталық ауруханасына 25 жастағы жаңа босанған келіншек келіп түсті. Оның гаражда босанғаны анықталды. Тергеу амалдары қолға алынды. Істің барлық мән-жайы анықталуда", - деді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құзырлы ведомство аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 119-бабы, яғни қауіпті жағдайда қалдыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын атап өтті.

Жаңа туған шақалақ перинатальды орталыққа орналастырылды.   

17 қыркүйекте СҚО-да анасы 11 жасар қызына пышақ жұмсап, ауыр жарақаттаған. Алдын ала болжам бойынша, әйел қызын үй тапсырмасын нашар орындағаны үшін жазалаған. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: