Қазақстан Тәжікстанның шекара қызметі үшін мамандар даярлайтын болады

Қазақстан Тәжікстанның шекара қызметі үшін мамандар даярлайтын болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2024 12:09 Сурет: pxhere
Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерлері үшін кадрлар даярлау саласында Тәжікстан үкіметімен келісімге қол қою туралы Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаға сәйкес Қазақстан Тарапы Тәжiкстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерiнің әскери қызметшiлерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара академиясына ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы бекiткен штат саны лимитiнiң және ҰҚК Шекара академиясын ұстауға бөлiнген қаражаттың шегiнде шарттасқан санда Тараптар жыл сайын келiсетiн мамандықтар бойынша және мерзiмге оқуға қабылдайды. Келiсу нәтижелерi келiсiмшарттармен ресiмделедi.

Әскери қызметшiлердi оқуға қабылдау Тәжiкстан Тарапының жылсайынғы жазбаша өтiнiмдерiне, Қазақстан Тарапының ұсынымдары мен мүмкiндiктерiне сәйкес жүргiзiледi.

Қазақстан Тарапы оқу жылы басталғанға дейін алты ай бұрын Тәжікстан Тарапына әрбір оқыту мамандығы бойынша квота мен әрбір мамандық бойынша орын санын жолдайды.

Өтiнiмдер оқу басталғанға дейiнгi алты ай бұрын жiберiледi. Өтiнiмдерде оқыту мамандығы және әр мамандық бойынша жеке үмiткерлер саны, оқуға үмiткерлердiң жалпы бiлiм деңгейi көрсетiледi.

Тәжiкстан Тарапы жыл сайын Қазақстан Тарапы бекiтетiн квотаға сәйкес ҰҚК Шекара академиясында оқуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асырады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына Тәжiкстан Республикасының мынадай азаматтары қабылданады:

  • орта немесе ортадан кейінгі білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға қабылданған жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған;
  • арнаулы мемлекеттiк органдарда әскери қызмет немесе қызмет өткерген және мерзімді әскери қызмет өткерiп жатқан әскери қызметшілер олар қабылданған жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейiн;
  • келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан әскери қызметшiлер немесе арнаулы мемлекеттiк органдарда қызмет өткерiп жатқан қызметкерлер қабылданған жылы жиырма бес жасқа толғанға дейiн.

 Жоғары білім және қысқартылған оқу мерзімімен жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға үміткердің жасы оны ҰҚО ӘАОО-ға қабылдаған күні айқындалады.

Тәжікстан Тарапы белгiленген тәртiппен Тәжікстан Тарапы белгiлеген бағдарлама бойынша конкурстық негiзде кәсiптiк iрiктеу, медициналық куәландыру, қабылдау емтихандарын өткiзедi және әскери қызметшiлердi ҰҚК Шекара академиясына оқуға алдын ала айқындалған мерзiмде жiбередi. 

Оқыту Қазақстан Республикасы ҰҚО ӘАОО-да қабылданған қолданыстағы жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.

 Үміткерде қазақ немесе орыс тілін меңгерудің базалық деңгейі (А2) болуы тиіс. Қазақ немесе орыс тілін меңгерудің ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын тексеру қазақстандық Тарап өкілдерінің міндетті қатысуымен жүзеге асырылады.

ҰҚК жобаны қабылдау ҚР ҰҚК Шекара академиясында Тәжікстан азаматтарын іріктеу, зерделеу және оқыту тәртібінің құқықтық негіздерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Құжат 10 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: