"Крик" фильміндегідей". Ақтауда қалай болса, солай тайраңдаған Mercedes айыппұл тұрағына қойылды

Mercedes, Ақтау, жол ережелерін өрескел бұзу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2024 11:16 Сурет: видеодан алынды
Ақтауда бір мезетте төрт бірдей жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші көзге түсті. Патрульдік полицейлер құқық бұзушының жеке басын бірден анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жастың видеосы алдымен әлеуметтік желіде жарияланды. Видеодан Mercedes Benz көлігінің артпен, онда да жол қозғалысының қарсы бағытына қарай жүргенін көруге болады. Ал бұл кезде ондағы "Крик" фильміндегідей бетіне ақ маска таққан жолаушылардың бірі көліктің терезесінен белуарына дейін денесін шығарып алған.

"20 жастағы жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпау, көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, көлiк құралын қарсы жүрiп өту және авариялық жағдай туғызу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Mercedes Benz автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады", делінген Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: