"Жасөспірім қыздарды ұрып-соғып, видеоға түсірген". Ақтауда банда құру фактісі анықталды

Жасөспірім қыз, ұрып-соғу, буллинг, Ақтау, банда құру, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2024 19:54 Сурет: pixabay
Ақтауда кәмелетке толмаған қыздар буллинг жасау сәттерін видеоға түсіріп, өз қылмыстарын өздері әшкере етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz редакциясына бір қыздың екіншісін ұрып-соғып жатқан видео келіп түсті. Видео жанында аудио жазба да бар. Онда ата-ананың бірі 19 мен 21 жас аралығындағы қыздар топтасып банда құрғанын, өз айналасына жасөспірімдерді жинап жатқаны айтылады. Олар қит етсе, кіші қыздарды ұрып-соғып, қысым көрсетіп, қорқытып-үркітетін көрінеді. 

"Менің қызым ақымақтығы кесірінен олардың қолына түсіп қалған. Олар сауда орталықтарында жүрген қыздармен танысып, әдемі екенін айтып, достық ұсынады. Осылайша өз орталарына тартады. Қалай олармен сөйлесе бастайды, солай олардың тұзағына түседі, содан кейін манипуляцияға ұшырайды. Олар қыздарды қорқытады, ұрады. Ұрып-соғу сәтін камераға түсіріп, әлеуметтік желілерге салады", – деді қыздардың бірінің анасы.

Осындай видеолардың бірінде жасөспірімнің басынан аямай ұрған қызды көруге болады.


"Демалыс күндері болатын. Маған қоңырау шалып, 12 жасар қызымды сауда орталығының маңында біреулер ұрып-соғып жатқанын хабарлады. Бірден оған қоңырау шалып едім, ол жауап бермеді. Қатты шошып, дірілдей бастадым, көше қараңғы болатын, кешкі тоғыз болу керек. Күйеуім екеуміз бірден сол араға бардық. Біз келгенде қараңғы болды, сауда орталығының артында бір де бір камера жоқ. Біз жүгіріп барғанда 20-30 адамды көрдік. Бір топ қыз бір жасөспірім қызды ұрып-соғып жатты. Екінші қыздың ернін жырып жіберген, бірақ менің қызым зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына бірден полиция шақырдық", - деп түсіндіреді ол.

Өңір полициясы ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Аталған оқиғаға қатысы барлардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Сондай-ақ заңды өкілдер кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау фактісі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады. Материал әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі. Қылмыскерлер профилактикалық есепке алынды", - деп түсіндірді полициядан.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: