Қырғызстанға жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған алты жол талғамайтын көлік пен бір автобус ұсталды
Сурет: Қырғыз Республикасы ІІМ
"Ақжол" бақылау-өткізу пунктінде Қырғызстан тарапы жағында Қазақстаннан жанар-жағармай материалдарын тасыған алты жол талғамайтын көлік пен автобус ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қырғыз Республикасы Жол қозғалысы қауіпсіздігі Бас басқармасының техникалық бақылау бөлімі 2024 жылы 16-20 қазан аралығында республика аумағында өтіп жатқан "Қосымша жабдық" рейді шеңберінде қазақ-қырғыз шекарасындағы "Ақ-Жол" өткізу пункті арқылы өткен көлік құралдарына тексеру жүргізді.
"Рейд кезінде жанар-жағамай толтыратын қосымша резервуар орнатып алған алты Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі және бір жолаушылар автобусын анықталды", деп хабарлады ведомстводан.
Қосымша резервуарды заңсыз орнатқаны және көрші елден жанар-жағармайды заңсыз тасымалдағаны үшін оларға қатысты тергеп-тексеру шаралары тағайындалды. Жиналған барлық материал тергеу қызметіне жолданып, көліктер айыппұл тұрағына қойылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript