Талдықорғанда есірткі таратумен айналысқан кәмелетке толмаған жас ұсталды

Ұсталды, Талдықорған, есірткі, кәмелетке толмаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 17:15 Сурет: pexels
Жетісу облысы ПД қызметкерлері Талдықорған қаласында есірткіні жасырын қойып кету арқылы есірткі таратты деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім мен 23 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорғандағы пәтерді шұғыл тінту барысында кәмелетке толмаған баладан ірі мөлшердегі есірткі заттары табылды. Спорттық сөмкеден полиция қызметкерлері ұнтақ заты бар пластикалық контейнер, төрт полимерлі пакет, изолентамен оралған 12 бума, сондай-ақ электронды таразыларды, әртүрлі түсті 38 бума және 600-ге жуық ZIP пакет, сонымен қатар 522 грамм синтетикалық есірткі затын тапты.

"Мұның бәрі оның есірткіні таратумен байланысты қылмыстық әрекеттерге белсенді қатысуын көрсетті. Жасөспірім осы жылдың тамыз айының соңында әлеуметтік желісінде "тиімді" жұмыс жайлы ақпаратты көргенін айтты. Белгісіз куратор есірткіні таратуға қатысқаны үшін жоғары ақы төлеуге уәде беріп, ұсыныс жасаған. Тіркелгеннен кейін ол облыс аумағында есірткіні жасырын салуға тапсырма ала бастаған. Есірткіні қойып кетуші күдіктілер қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұл жағдай барлық азаматқа есірткіге тәуелділіктің жойқын салдары туралы еске салады. Есірткі – ғасыр дерті. Есірткіні сақтау, тарату және жасау мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыс екенін есте ұстаған жөн. Заң – бәріне ортақ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: