Қарағанды облысында полицейлер тоқтатқан жүк көлігінен 40 бас ұрланған жылқы анықталды
Сурет: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Қарағанды қаласына кіре берісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлері 57 жастағы азаматтың басқаруындағы КамАЗ автокөлігін тоқтатты. Көліктен 40 бас ұрланған жылқы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған оқиға 2 қарашада таңғы сағат 04:00 шамасында болған.
"Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы азамат және оның 29 жастағы ұлы болды. Жүргізушінің айтуынша, жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен, алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды. Жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp-тағы чатқа таратқан. Нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды.
"Қазіргі уақытта барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр", делінген полиция хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript