Оралда студенттерге шағын несие рәсімдетіп, ақшасын тартып алған күдіктілер ұсталды

Ұсталды, студенттер, бопсалау, шағын несие, Орал, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 22:17 Сурет: polisia.kz
Орал қаласында полицейлер студенттерге қырғидай тиіп, ақша бопсалаушы күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдік полицейлер Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, екі студентті қорқытып, 150 мың теңге шағын қарыз ресімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны өз есеп шоттарына аударған адамдарды ұстады.

"Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді. Ұрланған ақша тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін Алматы облысында полицейлер балық шаруашылығы атын жамылып ірі есірткі плантациясы жұмысын дөңгелетіп жатқандарды әшкерлегенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: