БҚО-дағы автосалондардан бірқатар бұзушылықтар анықталды

Автосалон, Орал, тұтынушылар құқығын бұзу, қосымша зат, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2024 15:29 Сурет: pexels
Оралдағы автосалондарға Батыс Қазақстан облысының тұрғындары жаппай шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұтынушылар автокөліктерді сатып алу кезінде қосымша тауарлар мен қызметтерді қоса сатып алуға мәжбүр болғандарын айтады, деп жазады "Мой город"

"Мәселен, бір жағдайда  тұтынушыға автосалон өкілдері 200 000 теңгеге қосымша жабдық сатып алған жағдайда ғана көліктің сатылатынын айтқан. Басқа бір жағдайда, әйел адам автокөлікті жөндеу кезінде автокөлік қызметінен бөлек қосалқы бөлшектер сатып алуға мәжбүр болған".

Өңірдегі Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 8-1-бабына сәйкес, қосымша өзге заттарды сатып алуға мәжбүрлеу тұтынушылардың құқықтарын бұзатынын еске салады.

Сондай-ақ, Заңның 28-бабына сәйкес, сатушы тауарлардың, қызметтердің еркін таңдауын ұсынуға міндетті және қажет емес заттарды немесе қызметтерді сатып алуға мәжбүрлей алмайды. Бір тауарды сатып алу арқылы екіншісін міндеттеп сатуға тыйым салынады.

"Мұндай әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Сатушы еркін таңдауды қамтамасыз етуге және қажет емес заттарды сатып алуға мәжбүрлемеуге міндетті. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа тауарларды немесе қызметтерді сатып алуды міндеттеуге тыйым салынады", – деп атап өтті ведомстводан.

Осындай жағдайға тап болған сатып алушыларға олар шығындарды өтеу туралы талап қоюға құқылы екені ескертіледі. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: