БҚО-да ер адам үйін жасырын спирт қоймасына айналдырған

Спирт қоймасы, Орал, ер адам, жасырын орын, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 18:58 Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысының тұрғынынан тиісті құжаттары жоқ 2 мың литрге жуық спирт тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 қарашада ҚР ІІМ баспасөз қызметі Орал қаласында полиция қызметкерлері облыс орталығының тұрғыны басқарған Ssang Yong автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөлік салонында спиртпен толтырылған 5 литрлік 30 пластикалық бөтелкені анықтағанын хабарлады.

Жүргізушінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде полицейлер аулада тұрған Нивa көлігінің ішінен ұқсас спирт өнімдері бар тағы 40 пластикалық бөтелкені анықтады. Үйдің ішінде, кіреберісте және жатын бөлмелерде әрқайсысының сыйымдылығы 5 литр болатын 299 бөтелке спирт тәркіленді. Барлығы тәркіленген спирт өнімінің мөлшері 1845 литрді құрады, аталған өнімдерді тексеру барысында тиісті құжаттары болмағаны анықталды.

Тексеру барысында күдіктінің облыс аумағында осы өнімді заңсыз сатумен айналысқаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз айналымы азаматтардың денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салады. Сертификаттау мен сапаны тексерудің болмауы – улану қаупін және басқа да жағымсыз әсерлерді арттырады. Заңсыз өніммен күрес "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде жүргізіледі және осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: