Ақтөбеде тәртіп бұзған мас әйел ұшақтан түсірілді
Сурет: pexels
20 қарашада әуежайда тәртіпті бұзған мас жолаушы рейстен түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Ақтөбе-Алматы бағытына қатынайтын рейстен 38 жастағы жолаушыны түсіріп алды.
"Ұшаққа отыру кезінде әйел мас күйде болып, әуе компания қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтқан әрі ескертулерді мүлде елемеген. Құқық бұзушы полиция бөлмесіне жеткізілді, онда оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салатын әкімшілік хаттама толтырылды", делінген полиция хабарламасында.
Ұсақ бұзақылық туралы материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жолданды.
Полицейлер ұсақ бұзақылық үшін ҚР Әкімшілік кодексінде 20 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделетінін еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript