Талдықорғанда бұрынғы бастығын қорқытып, пәтер сұраған ер адам 8 жылға сотталды

Сот үкімі, Талдықорған, пәтер, бопсалау, бұрынғы жұмысшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 19:59 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 20 қарашада алқабилердің қатысуымен аса ірі мөлшерде бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың мамыр айының соңында ер адам бұрын жұмыс істеген ЖШС басшысымен кездесіп, серіктестік тарапынан жасалған бұзушылықтар туралы ақпарат бар екенін айтқан. Осы ақпаратты жария етпеу үшін ол заңсыз түрде С.-дан құны 16 млн теңгеден асатын пәтерді өз меншігіне беруді талап еткен. Осыған байланысты жәбірленуші полицияға жүгінген. 2024 жылғы 5 маусымда тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ер адам жеке нотариус кеңсесінде полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Алқабилердің кесімімен И. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды, сот жазаны жеңілдететін мән жай ретінде сотталушының жас балаларының болуын ескеріп және ауырлататын мән жайлардың болмауын ескеріп оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: