Желідегі видео: Қарағанды облысында елді дүрліктірген әйел жауапқа тартылды

Әлеуметтік желі, видео, Қарағанды облысы, Теміртау, жолбарыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2024 20:49 Сурет: pixabay
Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды. Ол желіге күмәнді видео салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы Теміртау қаласында желіде жол бойында жүрген жолбарыстың  видеосы тарап, жұртты дүрліктіріп қойды.

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеліп соқтырған жалған ақпарат таратушы әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды.


"Жалған ақпарат тарату әкімшілік, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын еске саламыз. Азаматтарды өз жарияланымдарында жауапкершілікпен қарауға және оны таратпас бұрын ақпараттың дұрыстығын тексеруге шақырамыз". Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: