Аймағамбетов есірткі туралы: Лауазымды тұлғаларды өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылды

Асхат Аймағамбетов, есірткі, заң жобасы, лауазымды тұлғалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2024 15:22 Сурет: Zakon.kz
Мәжілісте депутаттар құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларды есірткі таратуға қатысқаны үшін қатаң жазалауды қарастыратын норманы қолдап, дауыс берді. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мәжілісте есірткі өндірушілеріне жазаны күшейтуге бағытталған маңызды заң жобасы талқылануда. Жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатайту ұсынылды. Бұл – әділетті шешім. Депутаттар осы норманы қолдап дауыс берді", деп жазды 23 қарашада депутат Асхат Аймағамбетов Telegram арнада.

Алайда, оның пікірінше, бұдан да күрделі мәселе бар: қылмыспен күресуі тиіс азаматтар өздері есірткі бизнесіне араласқан кезде не болады?

"Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен өздерінің лауазымын, қызметтік мүмкіндіктерін және ақпаратқа қолжетімділікті пайдаланып, есірткі айналымына қатысқан өзге де лауазымды тұлғаларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу туралы ұсыныс жасадық. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, мұндай әрекеттер ең қатаң жазалануы тиіс. Себебі бұл – азаматтардың мүддесіне жасалған сатқындық, қоғам сеніміне нұқсан келтіріп, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді", - дейді ол.

Ол қоғам үшін үлкен қауіп төндіріп отырған осы мәселені жоюға бағытталған есірткіге тәуелділікпен күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілгенін, сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздікті нығайтатын қосымша шаралар да қабылданғанын да нақтылайды.

Айта кетсек, Жамбыл облысында ашылған қылмыс көлемін арттыру үшін есірткі сатқан полиция майоры 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: