"Шұғыл! Жүрек!". Жамбылдық тұрғын өзіне көмектескен полицейге алғыс білдірді
Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының атына қызметкер Бахтияр Рахметбаевқа алғыс білдірген хат келіп түсті. Оның жергілікті тұрғынға денсаулығы нашарлаған анасын ауруханаға тез жеткізуге көмектескені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараз қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкері таңғы сағат 05:40-та аумақты патрульдеу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көліктің жарығын тоқтамастан жағып-өшіргенін байқайды. Полицей патрульдік көлікті көрген соң жүргізушінің осылайша көмек сұрап жатқанын түсінеді. Көліктің терезесін ашқан кезде жүргізуші тек екі-ақ сөз айтып үлгереді: "Шұғыл! Жүрек!".
"Қызметкер ойланбастан жарық, сигналдарын қосып, көлікті ауруханаға жеткізеді. Кейін белгілі болғандай, көлікте Байғұлов Ілияс есімді жүргізушінің анасы отырған. Ол ауыр жағдайда болып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізуді қажет еткен. Ұлы жедел жәрдемді күтпей, жеке көлігімен Гродеково ауылынан Тараз қаласына шыққан, бірақ аурухананың қай жерде орналасқанын білмеген. Ауруханаға келген соң дәрігерлер шұғыл түрде жүрекке ота жасаған". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Полиция қызметкерінің жедел әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі мен денсаулығына қазіргі уақытта еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript