Қостанайда полицейлер жоғалып кеткен бір табын жылқыны тапты
Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында құны 6 млн теңге болатын бір табын жылқы жоғалған. Арыз түскен сәттен бастап іздеу жұмыстарына кіріскен полицейлер 14 жылқыны бір күннен соң аман-есен тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай тұрғыны Шортанбай Жетпісбаев жайылымнан жылқылардың жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған.
"10 күн бұрын жоғалып кеткен жылқылардың құны – 6 миллион теңге. Жануарларды өз бетінше іздеу нәтиже бермеген соң ер адам полицияға көмекке жүгінді. Келесі күні Арқалықта полицейлер іздеу жұмыстарын бастады. Бір тәуліктен кейін жылқылар Үштөбе ауылынан 40 шақырым қашықтықта табылды", делінген хабарламада.
Жануарлардың иесі құқық қорғау органдарының үйлесімді және жедел жұмысының арқасында өз мүлкін қайтара алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript