Қарағандыда әділет майоры сотталды

Сот үкімі, Қарағанды облысы, әділет майоры, сотталғандарды азаптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2024 17:11 Сурет: Zakon.kz
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталған адамды азаптады деген айыппен іс қозғалған Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ның режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша ол кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Сотталған "әділет майоры" арнайы шенінен айырылды және одан Жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі", делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: