Қостанайда ғимарат терезесін сындырған ер адамға 265 мың теңге төлеу міндеттелді

Терезені шағу, Қостанай, ер адам, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2024 18:46 Сурет: pixabay
Қостанайда ғимарат терезесін сындырған ер адам сотталды. Оның бұл заңсыз әрекеті ЖБО-ның бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, достарымен бірге кафеде уақыт өткізген ер адам ғимараттың жанынан өтіп бара жатып, әйнектен көрген өз түрін ұнатпай оны әдейі сындырған. Содан кейін ол аулалар арқылы қашып кетуге тырысқан.

Полиция 31 жастағы ер адамды ұстады. Сот оған мемлекеттік мүлікті бүлдіргені үшін 185 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар ол ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін 80 мың теңге төледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: