Ақтауда жертөледен ер адамның денесі табылды

Жертөле, Ақтау, ер адамның денесі, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2024 18:54 Сурет: pixnio
Ақтаудағы 28А ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған оқиға орнынан түсірілген видеодан кейін белгілі болды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ер адамның денесі 26 қарашада табылғанын нақтылады. Марқұмның белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам екені белгілі болды.

"Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу тағайындалды", деп хабарлады полициядан.

Құзырлы ведомство тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: