Ақтөбеде пышақ жарақатын алған 10-сынып оқушысына ота жасалды
Сурет: akorda.kz
Ақтөбедегі мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы 10-сынып оқушысына пышақ жарақаттаған. Оқыс оқиға туралы облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Нұржамал Төлеуова айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған оқиға бойынша іс қозғалған. Алайда тергеушілер жәбірленуші жақтан арыз түспегенін мәлімдеді.
Жарақат алған оқушыға ота жасалып, жағдайы қалыпты екені белгілі болды.
Бүгінгі күні мектеп тарапынан мектеп психологы оқушылармен сөйлесіп, түсіндірме жұмыстар жүргізді.
"Мектепте бұзақылық жасаған 8-сынып оқушысының тәртібі бойынша ата-анасының қатысуымен профилактикалық кеңес отырысы өткізілді. Барлық жоғары класс оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді", - дейді Нұржамал Төлеуова.
Жеткіншектің айтуы бойынша, ол ағасынан сұрап алған пышақты жоғарыға лақтырып ойнап отырғанда абайсызда жәбірленушінің аяғына тигізіп алған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript