Павлодарда екі көлікті қағып, артынан ағашқа соғылған Хонданың мас жүргізушісі ұсталды

Ағашқа соғылу, Павлодар, мас жүргізуші, Хонда, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 18:59 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Павлодар қаласының парақшаларының бірінде аулада тұрған екі көлікті қағып, артынан ағашқа соғылған жеңіл көліктің видеосы тарады. Облыстық полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасының 2024 жылы 5 желтоқсанда болғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД мәліметінше, 5 желтоқсанда полиция қызметкерлеріне Естай көшесіндегі 91 үйдің ауласында ЖКО туралы шақыру келіп түскен.Оқиға орнына жеткен полицейлер Хонда маркалы автокөліктің жүргізушісі көлік жүргізу кезінде рөлге ие бола алмай, аулада тұрған екі көлікті қағып, содан кейін ағашқа соғылғанын анықтады.

"Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болғанын растады. Құқық бұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Көлік құралдары мен өзге де құрылыстарға зақым келтірген жүргізуші көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Материал сотқа жіберілді. Сондай - ақ, полиция ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізуде", деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: