Қырғызстанмен шекарада электрондық кезекті енгізу жоспарлануда
Жобаны қабылдаудың мақсаты Қырғыз Республикасымен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін кеңейту болып табылады., делінген құжатқа түсіндірме жазбада.
Қазақстанның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарасы арқылы келесі автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезекті енгізу жоспарлануда:
- Жамбыл облысында: Айша-бибі, Ауқатты, Қарасу, Қордай, Сарытөбе, Сыпатай Батыр;
- Алматы облысында: Кеген.
Жоба Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. А. Смайыловтың төрағалығымен 2023 жылғы 13 наурыздағы Қытай Халық Республикасынан жүктерді жеткізу мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.
Жоба 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.