Қостанай облысында кәмелетке толмаған баласымен бірге арақ ішкен әйел жазаға тартылды

Әйел, баласы, арақ ішу, Қостанай облысы, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 20:39 Сурет: pixabay
Қостанай облысының тұрғыны жасөспірімге арақ беріп, оны мас күйге түсіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Alau.kz мәліметінше, 10 желтоқсанда Қостанай ауданына қарасты ауылдарының бірінде анасы 17 жасар ұлымен бірге ішімдік ішіп, оны мас күйге түсірген. Бұл медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.

"Фактіні кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор үйлерді аралау кезінде анықтады. Сот отырысында 1976 жылы туған анасы өзінің кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінген. Сот істің материалдарын зерттей келе, әйелді әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оны мемлекет кірісіне 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлету түрінде әкімшілік жазаға тартты". Қостанай аудандық соты

Сондай-ақ, әйелге үш ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: