Шымкентте балабақша құрылтайшылары сыбайлас жемқорлық бабымен сотталды

Балабақша, Шымкент, сыбайлас жемқорлық, құрылтайшылар, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 20:47 Сурет: pixabay
Шымкент қаласының прокурорлары мектепке дейінгі мекемелерде балаларды жалған тіркеу фактісін анықтады. Бұл қылмысы үшін балабақша құрылтайшылары жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 желтоқсанда Otyrar.kz прокурорлық тексеру барысында мемлекеттік бюджеттен 8 млн теңгеден астам сомаға бөлінген қаражатты заңсыз пайдалану фактілері анықталғанын жазады.

"Т" және "Б" жекеменшік мекемелері балабақшаға бармайтын балаларды оқыту туралы білім басқармасына жалған мәліметтер жолдап, бюджет қаражатын өз қажеттіліктері үшін пайдаланды". Шымкент қалалық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Жанерке Атықаева

Қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Олардың біріне үш жыл бас бостандығынан айыру, екіншісіне төрт жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: