Алматы маңында жеңіл көлік полицейді қағып, мерт қылды
Сурет: polisia.kz
20 желтоқсанда Алматы облысындағы тас жолда полиция қызметкерін көктайғақ салдарынан көлік қағып, мерт қылды. Бұл фактіні Zakon.kz сайтына облыстық полиция департаменті нақтылады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry 35 жүргізушісі Алматы – Өскемен тас жолының 42-ші шақырымында келе жатып, көктайғаққа байланысты рөлді басқара алмай, облыстық патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторын қаққан, содан кейін бар инерциясымен Hyundai Elantra қызметтік автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында жан тапсыррды.
"Облыстық департамент қызметтік міндеттін орындау кезінде қаза тапқан полицейдің отбасына қайғырып, көңіл айтады", - деді ведомстводан.
Өңір полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, әсіресе айналаның нашар көрінуі және көктайғақ жағдайында қатаң сақтауды еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript