Семейде пәтер кезегіне іліне алмай жүрген жетім жігітке Жоғары сот жақтасты

Жоғары сот, Семей, жетім бала, егіздер, баспана кезегі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 21:53 Сурет: primeminister.kz
Семей қаласының соты баспана тізіміне қойылмаған ағайынды егіздердің жағына шығып, олардың мүддесіне сай үкім шығарды. Бұл туралы 20 желтоқсанда Жоғары соттың баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семей қаласының тұрғыны өзінің егіз бауырымен бірге 2001-2011 жылдары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған көмекші мектеп-интернатта тәрбиеленіп, білім алған. Жергілікті атқарушы орган егіздерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне бір нөмірмен тіркеген. Кейіннен бір бөлмелі пәтер тек бір бауырына беріліп, екіншісі отбасы мүшесі ретінде көрсетілген.

"Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі соңғысының кезекке қайта қосылу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан. Талап қоюшы бұл шешіммен келіспей, Абай облысының МАӘС-на өзінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы жүгінген. Сот істі қарау барысында әрбір ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әр баланың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға құқылы екенін атап көрсеткен. Мемлекеттік органның талап қоюшының баспанасы бар деген дәлелі сотпен қабылданбады, себебі, онымен тұрғын үйді жалдау шарты жасалмағаны, ал пәтер талап қоюшының бауырына берілгені анықталды", делінген Жоғары сот хабарламасында.

Талап қоюшының жалға алушының отбасы мүшесі ретінде пәтерге қоныстану құқығы оның ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу конституциялық құқығын жүзеге асырмайтыны да нақтыланады.

"Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі баланы бір нөмірмен есепке қою мемлекеттік органның қолданыстағы заңнаманы бұзғаны болып саналады. Сот талап қоюды қанағаттандырып, Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін 2008 жылғы 6 маусымнан бастап ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша баспана алу кезегіне қоюды қалпына келтіруге міндеттеді. Егер сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, бір ай ішінде орындалмаса, Бөлімге қатысты ӘРПК-нің 127-бабының тәртібінде процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылатын болады", делінген сот хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: