Қазақстан шекарасында тіркемесіне ұшақ тиеп алған жүк көлігі ұсталды
Сурет: Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Павлодар мен Омбы облыстары шекарасында шекара қызметкерлері ерекше жүкті анықтады. МАЗ жүк көлігі тіркемесінен ұшақ табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қос мақсаттағы тауар - АН – 2Т әуе кемесін тасымалдау фактісін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп анықтады.
"Амангелді" автомобиль өткізу пунктінде (Ресей Федерациясының Омбы облысымен шекарасы) "МАЗ 54323" маркалы көлік құралын тексеру барысында құны – 1 800 000 ресей рублі, салмағы 3 тонна 600 келі болатын АН-2Т ұшағын тасымалдау фактісі анықталды. Ұшақты азамат аукционда жеке мақсаттар үшін сатып алғанын айтқан. Алайда шекарадан өту кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды болған жоқ (өзіндік ерекшелігі бар тауар азаматтық мақсаттарда да, әскери мақсаттарда да қолдануға жатқызылуы мүмкін)", – дейді экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қаңтарбаев.
Ұшақты қажетті рұқсат құжаттарсыз тасымалдаған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасау бойынша материалдар толтырып, ол сотқа жіберілді.
Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript