Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды

Есірткі зертханасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, шетелдік азаматтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2024 15:48 Сурет: unsplash
Жетісу облысы Ескелді ауданында полиция, прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың көзін жойды. Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі шетелдік өз "қамқоршысының" тапсырмасымен заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген.

"Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды. Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау шаралары жалғасуда", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін ҰҚК Қостанай облысындағы ірі есірткі зертханасын жою сәтінің видеосын жариялаған болатын.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: