Алматыда айдауыл жасағы көлігінен қашып кеткен сотталушы ұсталды

Ұсталды, Алматы, Алматы облысы, қашу, сотталу, айдауыл қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2024 19:33 Сурет: pexels
Бұған дейін ер адамның Алматыда айдауыл жасағының көлігінен қашып кеткен болатын. Бүгін оның Алматы облысында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен аталған жайтқа қатысты толыққанды мәлімет алды.

1996 жылғы азамат Әубәкір Қ. Е. Алматы облысының аумағында ұсталған. Полиция бұған дейін күдіктінің басқа біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотталғанын еске салады.

"Қазіргі уақытта қашу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Сотталушының қашқаны туралы 4 желтоқсанда белгілі болды. Сол кезде полиция бөтеннің мүлкін ұрлап, ұсталған соң айдауыл қызметінің көлігінен қашқан сотталушыны жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатқандығын хабарлаған. Қызметтік тексеру де болып жатыр. Кейін тәртіп сақшылары қашып кеткен адамның жеке басын анықтады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: