Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжат алды

Оңай Бекбаева, Түркістан облысы, Жетісу ауданы, төлқұжат, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 15:21 Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжатпен қамсыздандырылды. Олардың ең үлкені – 110 жаста. Оңай Бекбаева Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақында ол құжат алу үшін көші-қон қызметінің көмегіне жүгінді. Облыс полицейлері жаңа жыл қарсаңында өңірдің ең қарт тұрғынына жаңа жеке куәлік пен төлқұжатты тапсырып, қал-жағдайын біліп қайтты.

Полицейлер келген кезде әжей сәлемдесе алмады, бірақ балалары қонақтарды қуана қарсы алды.

Оңай апа үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере тәрбиелеп отыр. Әжейдің ұлдары мен қыздары полицейлердің көрсеткен ықыластарына алғыстарын білдіріп, халықтың тыныштығын қорғау саласындағы қиын қызметтеріне сәттілік тіледі.

Көші-қон қызметі, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 15:21

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің мәліметіне сүйенсек, биыл Қазақстанда 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген.

Көші-қон қызметі, Түркістан облысы, төлқұжат, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 15:21

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кеткен жөн, денсаулығы нашарлаған және күнделікті жүріп тұруы қиын адамдарға көші-қон қызметтері тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.

Көші-қон қызметі, Түркістан облысы, төлқұжат, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 15:21

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: