Су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына әскери қызметкерлер де көмектесіп жатыр

Әскери қызметкер, эвакуация, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 10:36 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қарулы күштердің жеке құрамы Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарына құтқару жұмыстарына тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, атқарушы билік органдарымен және төтенше жағдайлар қызметтерімен бірлесіп әскери қызметшілер тәулік бойы су тасқынына қарсы және одан құтқару жұмыстарына атсалысып жүр. 

Әскер қызметкер, су тасқыны, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 10:36

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда:

  • Ақтөбе қаласының "Заречный-3" ықшам ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларға 20709 әскери бөлімінің 12 әскери қызметшісі жұмылды. Қозғалыс жұмыстарына екі КАМАЗ бөлінді.  
  • Елордалық авиабазаның Ми-17 және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары Қостанай облысының Арқалық қаласынан 100 шақырымдық жердегі адамдарды көшірді. Амангелді ауылының эвакуациялық пунктіне 39 адам жеткізілді, оның 17-сі - бала.
  • Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ұшқыштары Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы ауылдарды құтқаруға көмектесу үстінде.
  • Ақтөбе өңірінің Ойыл ауылындағы қыстаудан Ми-8 тікұшағының экипажы 74 адамды алып шықты. Қоржын ауылынан Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауылына 100 ауыл тұрғыны жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.
  • Ақмола облысы Ақкөл қаласының ағын су кәріздерін тазартуға 55209 әскери бөлімінің 20 әскери қызметшісі жұмылды.  
Эвакуациялау жұмысы, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 10:36

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өтініші бойынша Күршім ауданы Боран ауылына Аягөз қаласынан 02352 әскери бөлімінің 11 әскери қызметшісі жіберілді.

"Мұнда Қара Ертіс өзеніндегі мұздың кептелуіне байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі байқалады. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін төрт жол талғамайтын автомобиль, оған қоса жүк камаздары бөлінді", делінген хабарламада.

Су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 10:36

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Су басу қаупінің алдын алу және жергілікті халықты құтқару шаралары әлі де жалғасуда.

Құзырлы ведомство су тасқынымен күрес шараларына Қарулы күштерден барлығы 330-дың үстінде әскери қызметші және 15 бірлік әскери техника мен авиация жұмылдырылғанын да нақтылайды.

Су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 10:36

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, 29 наурызда Ақтөбе облысында су бөгеті жарылып, жергілікті халық эвакуацияланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: