Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Отырыс, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 17:45 Сурет: Ақорда
2024 жылғы 26 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, саммитке Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

"Жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен негізгі міндеттері талқыланды. Сонымен қатар саммит қатысушылары Ұйым қызметінің өзекті мәселелері және жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты", делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 желтоқсанда Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен келіп-жетті. Сол күні ол ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: