ЖЕАЭК басшылары интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады

Отырыс, Қасым-Жомарт Тоқаев, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, кеңейтілген құрам , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 19:00 Сурет: Ақорда
2024 жылы 26 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Саммит жұмысына Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып, Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес бейнеүндеу жолдады", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ қызметі мен интеграциялық үрдістерді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің делегация басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.

Бұған дейін Президенттің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы кезекті отырысына қатысқанын хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: