Головкиннің промоутері Канелоға жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасады

Спортшы , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2022 17:58 Сурет: facebook.com/Gennady Golovkin
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 KO) орта салмақтағы төрт титул сарапқа салынатын тағы да жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

ESPN платформасының инсайдері Майк Коппинджердің айтуынша, Альварес 2022 жылға бірнеше ұсыныс алған. Атап айтқанда, Эл Хэймон мен PBC франшизасы «Канеломен» бір жекпе-жекке келісімшартты ұзартты. Сол келісімге сәйкес мексикалық боксшы 7 мамыр күні WBC орта дивизионындағы әлем чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жұдырықтасады.

Бұдан бөлек Эдди Херннен (Matchroom Boxing) түсті. Ұсынылған мәмілеге сәйкес, «Канело» жартылай ауыр салмақта титулы бар ресейлік Дмитрием Биволмен жекпе-жек өткізеді-мыс. Ал екінші кездесу – көптен күткен Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші айқас. Қыркүйек айында қос боксшы екінші орта салмақ лимитінде жұдырықтасуы мүмкін. GGG-мен кездесу «Канело» үшін қолда бар қаржылық жағынан ең тиімді ұсыныс екені анық деп отыр инсайдер.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: