Дмитрий Попко Түркияда өткен турнирдің чемпионы атанды
Сурет: ktf
Түркияның Анталия қаласында ITF M15 сериясы бойынша турнир аяқталды. Жекелей сында қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (504 ATP) жеңіске жетті. Бұл ойыншының биылғы маусымдағы екінші титулы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Өзбекстан өкілі Сергей Фоминмен (728 ATP) кездесті. Попко бірінші сетте 6:4 есебімен жеңгенімен, екіншісінде жеңіліп қалды – 3:6. Шешуші үшінші ойында Дмитрий 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий Попкода барлығы 27 чемпиондық титул бар: жекелей сында 21, жұптық сында 6.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript