Australian Open: жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов жарыстың 1-ракеткасын ұтты

Әмір Омарханов Australian Open жарысында жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2024 11:49 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің төртінші, жарыстың бірінші ракеткасы, ATP рейтингісінде 1872-орында тұрған италиялық Федерико Синамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда италиялық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Есесіне осыдан кейін Әмір қарымта қайтара алды – 6:3, 6:3.

Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды.

Әмір Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездеседі.



Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: