Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді
Сурет: olympic.kz
12-13 қазан күндері Ақтауда дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азияның ашық кубогы өтпек. Аталған турнир Халықаралық дзюдо федерациясының спорт кестесіне енген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысады.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережелері бойынша рейтингтік саналатын турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші орын үшін 100 ұпай, екіншіге 70 ұпай, ал үшінші орынға 50 ұпай алады.
Төменде жарыстар кестесі ұсынылған:
12 қазан
Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг
10:00 — жарыстардың басталуы
16:30 — ресми ашылу рәсімі
17:00 — финалдар
13 қазан
Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг
Әйелдер: -70 кг, -78 кг, +78 кг
10:00 — жекпе-жектердің басталуы
17:00 — финал жекпе-жектері
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript