Дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында Қазақстан бірінші орынға ие болды

Дзюдо, жасөспірімде, Еуропа кубогы, Грекия, Қазақстан, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 20:19 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыста қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Алтын медаль алғандар:

  • Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі);
  • Расул Мұқым (-81 келі).

Күміс медаль алғандар:

  • Әсел Русланова (-48 келі),
  • Даниял Сейілхан (-50 келі),
  • Алтынбек Қонысбай (-60 келі).

Қола медаль алғандар:

  • Нұрдос Досберген (-60 келі),
  • Марғұлан Игілік (-60 келі),
  • Әділжан Жаудинов (+90 келі).

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: