Қазақстан спортшысы конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
Сурет: ҰОК
Қазақстандық Арина Ильященко конькимен жүгіруден Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Олмпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы 500 метр қашықтықты 41.30 секундта жүгіріп өтіп, екінші нәтижені көрсетті.
- Бірінші орын 40.16 нәтижесін көрсеткен италиялық Джорджия Айелоға бұйырды.
- Үшінші орынды 41.37 уақытымен неміс спортшысы Марлин Эхселунс алды.
Айта кетейік, бұған дейін Ильященко әйелдер құрамасында әлем кубогында қола медаль ұтып алған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript