«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Қазақстан экономикасының маңызды секторлары үшін кадрлар даярлау мақсатында құрылды.
Үкіметтің 2005 жылғы 4 сәуірдегі қаулысына сәйкес, қазақстандық жастарға әлемнің үздік университеттерінде оқу үшін мүмкіндіктер беретін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылды. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының оқу процесін бақылайды.