CoronaVac – COVID-19-ға қарсы Қытайдағы Sinovac Biotech компаниясында өндірілген екпе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өнімді қолдануға рұқсат берді. Қазақстанда 2021 жылдың 1 маусымынан бастап қолжетімді. Ақпан-сәуір айларында Чилиде қытайлық өнімге зерттеу жүргізілді. Деректерге сәйкес, екпенің 65,9%-ы COVID-19-дың алдын алады. Аурухана түсу қаупінің 87,5%, өлімнің 86,3%-ын алдын алады. Екпе 40-тан астам елде қолданылады. Коровирусқа қарсы қытайлық екпе туралы басты жаңалықтар Zakon.kz сайтында.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады