COVID-19: Елде қандай вакциналар халыққа қолжетімді
Сурет: Павел Михеев/Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аймақтарында қолжетімді вакциналар туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде вакциналардың саны жеткілікті, тұрғындар алғашқы вакцинацияны да, ревакцинацияны да ала алады.
Еліміздің өңірлерінде QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар, жүкті әйелдер және 60 жастан асқан адамдар үшін) сияқты вакциналар қолжетімді.
2022 жылғы 20 қаңтардан бастап "Спутник Лайт" вакцинасы ревакцинация үшін қолжетімді болады (жеткізу көлемі – 150 мың доза).
Вакцинация коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі әдісі екенін естеріңізге сала кетейік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript