Қазақ ССР Қауіпсіздік Кеңесі 1991 жылы 21 тамызда құрылды, ал 1993 жылы 17 маусымда Президенттің тиісті жарлығы шыққаннан кейін ол Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі болып қайта құрылды. Қауіпсіздік Кеңесі ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін нығайту мәселелері бойынша Президентке ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеп береді. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Кеңес құрамын кеңес төрағасымен келісе отырып, ел президенті құрайды. Қауіпсіздік кеңесінің отырыстары, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шешімдер туралы соңғы жаңалықтарды Zakon.kz сайтынан оқи отырыңыздар.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады