Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді
Сурет: akorda.kz
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың мәліметінше, жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.
Жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript