1965 жылы 23 қазанда Целиноградта дүниеге келді. Целиноград инженерия құрылыс институтын, Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын тәмамдады. Астана әкімі бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, Индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрі, Астана әкімі, «ҰК «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ҚР Премьер-министрі болып сайланды. 2021 жылы 15 қаңтарда президент жарлығымен осы қызметке қайта тағайындалды.
Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады